Қарап тұран жолбарысы
Өткен бағдарламызда біз Іле өзенінің атырауымен танысқан болатынбыз. Байдаркаға отырып, Арал Төбе ауылы маңайынан Балқашқа дейінгі аралықты жүзіп өттік. Енді, атыраудың балық аулау базасында, келесі, соңғы үшінші сапарға дайындалудамыз. Біз, ну жыныстың адам аяғы баса қоймаған, қиын да, күрделі сапарға шықпақпыз. Яғни, өткен замандарда тұран жолбарысы мекендеген аумақтың әлі сол күйінде сақталған көрінісіне куә боламыз.