Велосипедпен жүрудің денсаулыққа өте үлкен пайдасы #велосипед
Велосипед тебу қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Керісінше, көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулыққа пайдасы мол. Күйзелістен құтқарады Велосипед тебу арқылы жайсыз жағдайларды ұмытуға болады. Бірнеше км жоғары жылдамдықпен жүрсеңіз барлық теріс ойлар басыңыздан кетіп қалады. Велоспорт кезіндегі жай қозғалыс, біркелкі жылдамдық пен дұрыс дем алудың өзі орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Жүрек ауруын болдырмайды Велосипед тебу кезінде жүрек бұлшық еті белсенді қызмет етеді. Әрдайым велоспортпен шұғылдану миокард инфарктісінің алдын алады. Алайда, 15 км/сағ артық жылдамдықта тауға шығу, белсенді жүру қимылдарына дайындалмаған адам үшін кері әсерін тигізеді. Жүрекке шамадан тыс күш түсіру зиян. Сондықтан, жаттығуды аз мөлшерден бастап, біртіндеп көбейту керек... #велосипед #велосипедайдау #велосипедайдаудыңпайдасы #велосипедтебудіңпайдасы #денсаулық #пайдалыақпарат #пайдалыкеңес