КОЛОБОКТЫҢ ТҰҢҒЫШЫ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСЕЙГЕ САПАРЫ. ТОҚАЛ ТАҚЫРЫБЫ ӘЛІ ТАЛҚЫЛАНУДА. БӘПИ БЫҚСЫТЫП ЖАТЫР
Демалыстарыңыз сәтті өтсін. Сіздер апта бойы талқыланған жаңалықтардан қалыс қалып кеткен болсаңыз осы шығарылымды көріңіздер. Сіздер үшін ең өзекті тақырыптарды жинақтап қойдық. Тоқаев осы апта Ресейге сапарлап келді. Путинмен 3 сағаттай сөйлесіп бірқатар келісімдерге де қол жеткізіп келді. Одан бөлек Тоқаев шеруге шыққан сарбаздың аналарының мәселесін шешуді тапсырды. Ал Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи реформа жасау керек, әділдікке жетсем деп шыққан әйелдердің көтерілісін біреудің тапсырысы деп отыр. Шоу бизнестегі жаңалықтар. Тұрсынбектің тоқалы әлі талқыланып жатыр. Баласына қарамай кеткен әртістің қазір әр жазған пікірін жұрт бақылап отыратын болған. 10 жыл бойына бала бітпеген актер Елдос колобок әке атанды. Қуанышты жаңалықты өзінің парақшасында бөлісті. Одан бөлек жұрт Әлішер Каримовтан «Халық әртісі» атағын алып «Дос мұқасан»ның ардагер әншісіне беруді талап етіп жатыр. Біздің алтын басты ІТ мамандарымыз әлемді бағындырып жатыр. Шымкенттік азаматтарымыз әлем таласатын қосымша ойлап тауып, көш басына шықты. Осы ақпараттар жайлы «Ел не демейді» жобамызда талқылаймыз.