G
enby!

Конгресс мүшесі: "Біз әлемге есік ашуымыз керек"

Американың Орталық Азиямен қарым-қатынасы қалай өзгеріп жатыр, АҚШ сыртқы саясатының негізгі бағыттары не? Вашингтон аймақтағы адам құқықтары мен сөз бостандығына қаншалық мән береді? АҚШ конгресі өкілдер палатасының мүшесі Сидни Камлагер-Давтың Азаттыққа эксклюзив сұхбаты. Азаттық: Біз бұл сұхбатты Орталық Азия елдерінің президенттері Ақ үйде Дональд Трамппен C5+1 саммиті аясында кездесіп жатқан сәтте жазып отырмыз. Сіз жуырда президент Трампқа аса маңызды минералдар, қауіпсіздік және Американың жұмсақ күші бағытындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында осы саммитті өткізуді сұрап хат жаздыңыз. Саммиттің күн тәртібімен таныссыз ба және жалпы оған қатысты пікіріңіз қандай? Камлагер-Дав: Шақырғандарыңызға рақмет. Ең алдымен осы C5+1 саммиті өтіп жатқанына қуаныштымын. Дональд Трампқа хат жазуымның бір себебі де осы саммитті өткізу мәселесі болатын. Мен қатысқан кездесулерде президенттер бұл саммитті байыппен қабылдап, ат салысып жатқанымызға риза екенін айтты. Өздеріңіз білетіндей, биыл бұл форумның құрылғанына 10 жыл толды. Сондықтан алдағы он жылдағы ынтымақтастығымыздың бағытын айқындауға бұл — ең қолайлы сәт. Азаттық: Кеше сіз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кездестіңіз. Бұл кездесу кімнің бастамасымен өтті? АҚШ бұл серіктестікті кеңейту үшін Мирзияев үкіметінен қандай нақты реформаларды күтеді? Камлагер-Дав: Бұл кездесу Өзбекстан бастамасымен өтті. Мен Орталық және Оңтүстік Азия істері жөніндегі қосымша комитеттің жетекші мүшесімін, сондықтан комитет үшін бұл елмен қарым-қатынас орнату өте маңызды. Кездесу өте мазмұнды өтті: реформалар, ауған әйелдерінің жағдайы, діни бостандық, білім берудің маңызы, еңбек реформасы жайында сөйлестік. Бұлардың барлығы – мен үшін де, АҚШ үшін де аса маңызды құндылықтар. Әрине, біз Джексон–Вэник түзетулерінің күшін жою туралы да айттық. Бұл Орталық Азияның көп елі үшін маңызды екенін білемін. Сондай-ақ аса маңызды минералдарға қатысты пікір алмасып отырудың да мәні зор. Мәтін: https://www.azattyq.org/a/interview-s...

Смотрите также