G
enby!

Қазанғап Тілепбергенұлының мұрасын насихаттаушы - белгілі күйші Жұмабай Жансүгіров ақсақал

Елімізде шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Ұлттық домбыра күні қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында белгіленіп отыр. Домбыра десе, алдымен күй еске түседі. Күй - қазақтың жаны. Ал домбыра — қазақтың ежелден келе жатқан айнымас жан серігі. Домбыра күйлері адамзаттың материалдық емес құнды­лығы ретінде айрықша бағаланып, ЮНЕСКО халықаралық ұйымына тіркелгелі де біраз жыл болды. Бұл – біздің төл өнерімізге деген үлкен құрмет. Қзақтың күй өнерінде жеті мектеп болса, солардың сүбелісі – Қазанғап мектебі. "Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі — Қазанғап дәстүрі» деп бағалаған академик Ахмет Жұбанов. Қазанғап Тілепбергенұлы– дәуірде бір туатын дара күйші. Оның мұрасын насихаттаушы - белгілі күйші Жұмабай Жансүгіров ақсақалдың есімі республикаға аян. Ол — қазақтың әйгілі күйші-композиторы Қазанғап Тілепбергенұлының төл шәкірті Кәдірәлі Ержановтың қасында бала күнінен қосшы болып жүріп, күй үйренген. Жұмабай Жансүгіров Шалқардың Жылтыр ауылында тұрады. Өнер зерттеушісі Абдулхамит Райымбергенов бірнеше рет келіп, ақсақалдан Қазанғаптың көп жұртқа беймәлім күйлерін таспаға жазып алып, оның күй тарту шеберлігіне тәнті болған. Бүгінде жасы 90-ға келген Жұмабай ақсақал ұстазы Кәдірәліден сіңген Қазанғаптың мол мұрасын қадірлеп, насихаттауының өзі - бұл біздің рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағының айнымас бөлігінің айғағы.

Смотрите также