Өзбекстан Моңғолиядан 100 мың бас қой сатып алды
Өзбекстан Моңғолиядан жыл соңына дейін 100 мың бас қой әкеледі. Маусым айында қос ел президенттері осындай мәміле жасаған. Қойдың алғашқы легі Новаи облысына ұшақпен жеткізіліп те қойды. Өзбекстан 2029 жылы елдегі уақ малдың басын 1 млн-ға жеткізуді көздейді. Өйткені бұл өлке көгөніс, жеміс мол болғанымен, малға жайсыздау. Өзбекстанда ет бағасы биыл тіптен шырқап кетті. Келісі 120 мың сум яғни біздің ақшамен бес мың теңге. Оған бірнеше себеп бар. Оның негізгісі мемлекеттің басты ет экспорттаушылары Қазақстан мен Қырғызстан өнімді сыртқа сатуға шектеу қойды. Ал енді Моңғолиядан импортталатын ет өнімдері бағаны тұрақтандыруға жете ме? #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24