Мен таңдаған мамандық. Теміржолшы
Пойыз, вагон, шойын жолдар – бір сөзбен теміржол саласы. Бұл салада еңбек ететін мамандарды да бір сөзбен теміржолшы деп айтамыз. Ал бірақ, бұл атаудың артында бірнеше мамандық иесі тұр. Олардың қатарында машинист, жолшы, жолсерік сияқты жұмысшылар, инженер, диспетчер, станция, вокзал мен бөлімшелер бастығы сияқты қызметкерлер бар. Бірі қара күшті қажет ететін жағында, енді бірі зерделі зейін мен жедел әрекетті талап ететін сатыларында жұмыс істейді. Қызметтің бір парасы техникалық терең біліммен атқарылады. BAQ.KZ «Мен таңдаған мамандық» жобасының кезекті санын ұсынады: теміржолшы. Тайм код: 00:50 - «Мен көзімді ашқанда, 5-6 жасымда, үйден 50 метр жерде теміржол болды» - теміржол саласының ардагері Берік Айтбеков. 02:45 - Экономиканың күре тамыры – теміржол. 03:20 – Теміржолдың бойында қауіпсіздік қажет. Мұнда істейтін адам сабырлы болуы керек. Тәртіп керек. 05:00 - Әке жолын қуған теміржолшылар көп. 05:55 - Машинист жүздеген жолаушы мен тонналаған тауардың аман жеткізілуіне жауап береді. 06:50 - Локомотивті жеңіл машинамен салыстыруға келмейді. 08:15 - Локомотивті басқару оңай емес, бірақ бұл – өзінше бір романтикаға толы мамандықтардың бірі. 08:50 - Диспетчер болу өте қиын. Сауаттылық пен мінез талап етіледі. Мамандықтың барлық сатысынан өтіп келу керек. 09:22 - Диспетчер станциялар кезекшілеріне нұсқау береді. Пойыздардың жүрісін реттейді. 11:50 - Вокзал аға кезекшісінің міндеті. 13:00 - Жолаушы әртүрлі болады. 13:50 - Қазақстан темір жолында жұмыс істеу – бақыт. 15:45 - Вокзал кезекшісі жолаушылардың әр сұрағына жауап беруге тырысады. 17:08 - Вокзал кешенінің дикторы жолаушыларды ақпараттандырады. 17:41 - Вокзалда диктор болу үшін қандай білім болуы шарт? 18.33 - «Ақпарат оқып отырғанда аяқ астынан түшкіргің келетін кездер болады немесе кейде шашалып қаласың». 19:28 - Пойыз бастығының қандай міндет атқарады? 22:42 - Жолда босанып қалатын жолаушылар болады. 23:36 - «Біреудің баласы, біреудің ағасы, біреудің інісі болам» - жолсерік. 26:34 - «Жақсы соғыстан, жаман бейбітшілік артық» - ардагер. 27.30 - Мен таңдаған мамандық осы. _______________________________________________________________________________ BAQ.kz. Басты ақпарат құралы. Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/
Біздің әлеуметтік желілерге жазыл: Instagram: / baq.kaz Facebook: / baq.kz Telegram: https://web.telegram.org/#/im?p=@baq_kz
Tiktok: / baq.kz_ #baqkz