"АНЫҚTIMES": БЫЛЫҚҚА БАТҚАН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
БЫЛЫҚҚА БАТҚАН БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Шардара ауданы білім бөлімінің басшысы Заңсыздықтарға жол беріп отырма?! Тарқатып айтсақ. Шардара ауданы Т. Айбергенов МГ директоры Райгүл Мұсалиева арнамызға арызданған болатын. Ол өз арызында Шардара аудандық білім бөлімінің басшысынан қудалауға ұшырап, ақыры соңында жұмыстан босатып жіберді деп отыр. Бір қызығы білім бөлімінің басшысы мектеп директорына ескертпестен, хабарламай сыртынан бұйрық шығарып, үш күіннен соң ғана мектепке директордың уақытша міндетін атқарушыны тағайындап кетіпті.