Қ. Тоқаев: Әзербайжан – Қазақстан үшін бауырлас ел
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің төрағалығымен Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтті. Жиында көлік, логистика, цифрландыру, отын-энергетика кешені саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Мемлекет басшысы мұндай формат екі ел қатынасының ерекше сипатын паш ететінін атап өтті. Сондай-ақ Әзербайжан елінің Қазақстан үшін ерекше, бауырлас мемлекет екенін, ұстанымдарымыз ұқсас екенін айтты. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24