Эбру техникасы. Эбру рисование на воде #дефектолог
Қайырлы күн!!! Сіздермен логопед Гүлназ. Бүгін сіздерге эбру техникасымен жұмыс туралы түсіндіремін. «Эбрудың» шығуы жайлы әртүрлі дерек бар. Бұл өнердің нақты қай елден бастау алғаны белгісіз. Бірі – Үндістан, енді бірі – Парсы халқынан, кейбірі Бұхар хандығында, Шығыс елдерінен келген деседі. Оның қарыштап дамыған жері – Түркия. Сондықтан да Түркияны «эбрудың» отаны деуге толық негіз бар. Батыста көбіне «түрік қағазы» деп атайды. Елімізде бұл әдіс бірте-бірте қолданысқа еніп жатыр. Қызықты тәсілдің кеңінен таралуына бізде үлес қосып жүрміз. Су бетіне сурет салу әдісі баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі әлемінде болып жатқан жай-күйін жеткізе білуге ықпал етеді. «Эбру» баланы сурет салуға үйретпейді, керісінше сол арқылы қызығушылығын оятып, шығармашылығын дамытуға септігін тигізеді. Менің каналыма тіркеле кетіңіз! Р дыбысы • Р дыбысын үй жағдайында, ешқандай құралсыз... Тейптеу • Тейптеу пайдасы БОМБА😨 Нейрожаттығу • Нейрогимнастика