КТК: Қазақстан жаңалықтары 14.11.2025
Жүргізуші: Нұргүл Нұрлан (Instagram: @nurgul.nurlanqyzy) ЖЕЛІДЕГІ АҚАУ Алматыда бірнеше ықшамаудан кешеден бері жарықсыз отыр. Мамандар желідегі ақауды қалпына келтіре алмай әлек. АЛАЯҚТЫҢ АРБАУЫ Трейлер көріп, табысқа кенелесің! Алматыда жұртты осылай сан соқтырған кезекті қаржы пирамидасы жойылды. ЖАРЫЛЫС ҚҰРБАНЫ Сол күйі есін жимаған! Түркістан облысында көпқабатты үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен әйел көз жұмды. ЕМХАНАДАҒЫ ДАУ Сенімгерлік басқаруға қарсы! Қарағандыда мемлекеттік емхананың университет иелігіне өтетіні туралы ақпарат сондағы қызметкерлердің ашуын туғызды. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары