Атырауда компанияға ₸640 млн айыппұл салынды
Атырау облысы экологиясының ластануы күрделі мәселеге айналып барады. Экология департаменті биылғы 8 айдың өзінде 21 тексеріс жүргізіп, 52 заңбұзушылық анықтаған. Нәтижесінде 121 әкімшілік іс қозғалып, 2 трлн 360 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Мысалы «Теңізшевройл» компаниясының өзі 50 тоннаға жуық зиянды затты ауаға шығарған. Сот шешімімен 640 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, өндірілді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24