G
enby!

ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ: Әл-Фараби музейі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені «Қазақстан музейлері» жобасы аясында Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби музейі жайлы шағын бейнефильмді ұсынады. Бұл бейнефильмді түсіру жұмыстары "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Ұзақтығы: 23:30 мин. Тілі: қазақша Әл-Фараби музейі Әл-Фараби музейі – Қазақ Ұлттық университетіне 1991 жылы есімі берілген Ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің рухани мұраларына арналған. Бұл музей 2013 жылдың 13 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасымен бірге салтанатты түрде өз есігін барша қауымға айқара ашты. Музейдің негізгі мазмұндық құрылымы – диорамалық кешендері мен жаймасөрелері тақырыптық экспозицияларға бөлінген. Олар: «Көне Отырар – естеліктер қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы»; «Ұлы Жібек Жолы бойымен»; «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты»; «Әл-Фараби еңбектері – адамзаттың асыл қазынасы. Әл-Фараби және түркі әлемінің ойшылдары»; «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан». Экспозициялық көрсетілімде данышпан мұралары – философиялық трактаттар, фарабитанушылардың құнды зерттеулері, Отырар елді мекенінен табылған тарихи артефактар, деректер, конференция материалдары және әлемнің ең ірі кітапханалары мен музейлерінен әкелінген баға жетпес жәдігерлер қойылған. Музей – жастардың бойында рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ұлы бабамыздың мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа сүйіспеншілікпен жеткізуде және насихат жұмыстарын жүргізуде маңызды жұмыстар атқаруда. Диорамалар витриналармен бірге дөңгелек композиция түрінде орналасады. Ортада – қымбат тастан қашалған адамзат білімінің өмірлік қайнар көзін сипаттайтын қондырғының үстіне қасиетті құран кітабы орналасқан. Бұл – Адам қолындағы Кітаптың адам жаны мен ақыл-ойына деген ықпалы образды түрде бейнеленеді. Барлық уақытта барша халықтарда, әсіресе, Шығыста, ол – Ақыл, Әлемді ғылыми тануды, ұрпақтар сабақтастығын білдіретін символикалық мәнге ие. «Ғалымның артында оның кітаптары, шынайы шәкірттері, ғылыми жазбалары қалады...», - деген екен Отырардан шыққан ұлы Ұстаз. http://www.kaznu.kz/kz/17913/page
#Qazaqstan_muzeileri #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Смотрите также