G
enby!

Елімізде мейірбикелер өз бетінше науқастарды қабылдап, диагноз қояды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Елімізде мейірбикелердің құзыреті кеңейтіліп жатыр. Яғни, қазір медбикелер өз бетінше науқастарды қабылдап, диагноз қояды. Ал, салалық мамандар ұсынатын кейбір қызметтерді жалпы тәжірибелік дәрігерлер көрсетпек. Осылайша, алғашқы көмек беру жүйесі жаңғыртылып, медициналық қызметтердің қолжетімділігі артқалы отыр. Әрине, қазір дәрігердің қабылдауында болу үшін таңмен таласа барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Алдын ала жазылып, уақытында барсаңыз, болғаны. Бірақ енді көмекті дәрігер емес, толық мейірбике ұсынады. Яғни, қабылдау барысында сауалнама жүргізіп, науқастың әлеуметтік-психологиялық тәуекелдерге бейімдігін, өмір сүру жағдайын, тамақтану, күтіміне дейін нақтылайды. Тексереді. Осылайша, қажетті ем-дом тағайындап, талдау тапсыруға жолдама береді. АЙГҮЛ ҚАСЫМОВА, ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры: Осылайша, медбике мейірбикелік диагноз қояды. Анықтамаларды ресімдеп, динамикалық бақылау жоспары бойынша ұсыныстар береді. Бұл медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, дәрігерлердің әлдеқайда күрделі жағдайларға назар аударуына ықпал етеді. Сондай-ақ, қазір мамандар тапшылығы мәселесі де шешіліп жатыр – деді министрлік өкілдері. Әрі медқызметті мейлінше сапалы ету үшін дәрігерлердің қабылдау уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұлғайтылмақ. Бұл – науқасты толық қарап, дұрыс ем тағайындауға ықпал етпек. ГҮЛНАР СӘРСЕНБАЕВА, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры: 1 қаңтардан бастап 5 ауру түрі бойынша скрининг тегін болады. Яғни, адамның сақтандырылған, сақтандырылмағын есепке алынбайды. Ол науқасты ертерек анықтау үшін жасалып отыр. Сала мамандары «жоспарланған қабылдау» тәсілі де қызметтің қолжетімділігін арттырады деп санайды. Өйткені, созылмалы аурулары бар науқастарды үздіксіз бақылауға мүмкіншілік туады. Бастысы – шұғыл өтініштер саны қысқарғалы отыр. Ал, «өздігінен жазылу» тетігі сырқаттар ағынын реттеуге сеп болмақ. Себебі науқас ешкімге жүгінбей-ақ, өз бетінше салалық дәрігерге жазыла береді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также