С. Жүнісов "Заманай мен Аманай" повесі 1-бөлім. Шегара асу, тарихи оқиға, көркем шығарма
Туындыға 1930-шы жылдардың дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген. 1997 жылы шығарма бойынша «Заманай» атты көркем фильм түсірілді.