Жалғас Мақсұтұлы мен Айтбек Тұрсынбай ақынның айтысы
Бұл айтысты Инстаграм, TikTok желісінен бас аяғы 15 мыңға жуық адам көріпті. Қазір әлеуметтік желіде бейәдеп, ұятсыз, боқтық сөздер араласқан контент өте көп. Оларды сырттай сынап-мінеп отырудан, немесе әлеуметтік желіні жабу керек деген бос сөзден ештеңе шықпайтынына көзіміз анық жетті. Сондықтан да біз ұлттық өнерді әлемуметтік желіде барынша насихаттауға тырыстық. Және көрінбей жүрген таланттар да елге жарқырап шықсын деген ниетпен Айтыс Strike жобасын қолға алдық. Халықты күлдіріп те, ойландырып та, қоғамдағы түрлі мәселелерді көтеріп тұшымды айтыс жасаған @aitbek.tursynbai мен @zhalgas_sadyruly бауырым мәреге дейін шапты. Жобаны қолдап, демеушілік көрсеткен SAAD компаниясына, басшысы @aidyn_nury мың алғыс. Және ақындар айтысы өткен сахнаны замануи техникамен қамтамасыз етуге ықпал еткен @alani.kz мейрамханасының басшысы @darkhan_shonbay Алла разы болсын. Айтыстың жаңа форматына қолдау білдіреміз деп сахнасын ұсынған @central.standup.almaty басшылығына рахмет!!! Жалғас Мақсұтұлы, / zhalgas_sadyruly Айтбек Тұрсынбай, / aitbek.tursynbai Сіздер айтысты көрдіңіздер ме? Келесі айтысқа қай ақынның шыққанын қалайсыздар?