G
enby!

Ұлының оқуын төлеймін деп қалаға келген азамат тоналып, адам қолынан қаза тапты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Ұлының оқуын төлеймін деп барып Қарағандыда ақшасы тоналып адам қолынан өлген 40 жастағы Нұргелді Наукеновтің жақындары әділдік сұрайды. Олардың айтуынша, құзырлы органдар іске қатысы бар алты адамның тек біреуін ғана соттаған. Одан бөлек, марқұм ауыр жарақат алғаннан кейін жедел жәрдем шақырудың орнына оны 3 сағат бөлімшеде ұстаған полицейлер де жазасыз қалды дейді. Шағымданушылар болған жайтты қасақана ұйымдастырылған қылмыс деп санайды. Жұмбақ жағдайда мерт болған 40 жастағы Нұргелді Наукенов Қарағандыға қыркүйектің 4-і барған. Туыстарының айтуынша, ол шотына шамамен 1 млн теңге жинап қалаға ұлының оқуы мен пәтерін төлеуге келіпті. Содан қаладағы танысымен үй жалдап, кешқұрым автовокзал маңындағы дәмханаға барған. Кешкі аста оларға тағы бірнеше кісі қосылады. Кейін сол топтағы адамның бірі Нұргелдіні итеріп, ол жерге қарақұспен құлап есін жоғалтқан. АЙГҮЛ НАУКЕНОВА, марқұмның әпкесі: Оң жақ аяғынан шалып, менің бауырымды бар күшімен итереді. Сосын итергендері бар, полиция қызметкерлері бар барлығы оны сүйреп, автовокзалдың екінші жағына алып кетеді. Бұлар бауырымнан құтылғанша асығады. Таксиға салып жібереді. Сөзге сенсек, ессіз жатқан Нұргелдіні таксиге бірге отырған танысы жалдаған пәтерінің алдына тастап кеткен. Кейін ол аяққа тұрып үйін іздепті. Сол сәтте көршілері шағымданып, полиция шақырып марқұмды басқа полицейлер бөлімшеге апарған. Жақындарының айтуынша, тәртіп сақшылары жарақат алған адамды 3 сағат ұстап, медициналық көмек бермеген. Кейін 16 жастағы ұлын шақырып, ілестіріп жіберіпті. АЙГҮЛ НАУКЕНОВА, марқұмның әпкесі: Баласын танымай тұрса да баласының қолынан ұстатып жібереді. Ол баласы студенттермен пәтер жалдап тұрғандықтан әкесіне гостиница жалдайды. Тек қана "Мен жатайыншы" деп айта берген соң, сол қонақ үйге жатқызып кетеді. Сол жерде бауырым, оның фото мен видеосы да бар, қиналып қайтыс болған. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также