G
enby!

Қандала / Қандаладан қалай құтылуға болады / Қандаладан үй жағдайында құтылу жолдары | Кандала

Қандала / Қандаладан қалай құтылуға болады / Қандаладан үй жағдайында құтылу | Кандала Қандала — дене пішіні 3 миллиметр болатын қансорғыш. Өз көлемінен екі есе көп қан соратындықтан 6-7 миллиметрге дейін үлкейе алады. Қандаланың 40 мыңнан аса түрі бар. Табиғат қандалалары да болады. Қандала тістемейтін, тұмсығымен шаншып-соратын жәндік. Үй қандаласы тек адамның қанымен қоректенеді. Қандалалар үшін өте қолайлы орта +20-30°C температура шамасында және оның айтарлықтай өзгеруі жәндіктердің өліміне әкелуі мүмкін. Алайда, тіршілікке байланысты, егер жағдайлар өміріне ыңғайсыз болса, олар өмірлік процестерін баяулатады. Олар бірнеше ай бойы тамақтанбастан өмір сүре алады. Сондықтан адам бар жерде ғана жүреді. Кандала адам денесінің ашық жерлеріне жабысады. Әсіресе, түн ортасында белсенді болады. Аш болса, күндіз де «жорыққа» шығуы мүмкін. Үй қандаласы «төсек қандаласы», «диван қандаласы», «киім қандаласы» мен «ағаш қандаласы» болып бөлінеді. Қандалаға тек адам керек. Оған ең жайлы орта – жылы уй. Қандала ағаш жиһазы бар, температурасы бірқалыпты, қорегі табылатын үйде көбейеді. Бұл жәндік диванның тігісінде, адамның киімінде жиі кездеседі. Бір үйден екінші үйге көбіне киімге жабысып барады. Қоғамдық көлік сияқты адам көп шоғырланатын жерлерде де тарауы мүмкін. Ал сіз қандай ақпараттар білесіздер және қай қаладан боласыз? #Қандала / қандаладан қалай құтылуға болады / Қандаладан үй жағдайында құтылу #емболсын

Смотрите также