G
enby!

«Made in Kazakhstan» үлгісі: отандық ZETA жиһазы қалай халықаралық сапаға жетті?

«ZETA» - Қазақстандағы ең ірі жиһаз және пластик өнімдерін өндіруші компаниялардың бірі. 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде еліміздің 27 қаласында 60-тан астам дүкенін ашып, 3000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның 15 гектар аумақта орналасқан 8 заманауи зауыты бар. Мұнда үй мен кеңсеге арналған жұмсақ және корпустық жиһаздар, креслолар мен үстелдер, сондай-ақ мектеп пен медициналық мекемелерге арналған жиһаз түрлері өндіріледі. «ZETA» өз өнімінің 80%-ын отандық шикізат пен материалдардан өндіретін компания. Бұл - жоғары технология, тиімді басқару және мемлекеттік индустриялық-инновациялық қолдау бағдарламаларының нәтижесі. Кәсіпорын «Қазақстанда жасалған» брендінің беделін арттырып, ел экономикасының нақты секторын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Біз «ZETA» өндірісіне барып, жиһаз қалай жасалатынын, неге бұл компанияға сенім жоғары екенін және отандық өнімнің халықаралық сапаға қалай қол жеткізгенін білдік. Сіз де өз елімізде жасалған сапаға көз жеткізіңіз, шығарылымды көріңіз. _____________________________________ El.kz Ақпараттық-танымдық портал Ресми сайттың сілтемесі: https://el.kz/
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram -   / el.kz   Facebook -   / wwwelkz   Telegram - https://web.telegram.org/k/#@elkz_portal
#elkz #қазақстанжаңалықтары #новостиказахстана ##

Смотрите также