Ziruza жеке шығармашылықты қолға алмақ па?
Зируза дәл осы «Айт енді» бейнебаянымен 2017 жылы алғаш дебют алған еді. Әнші ару Ерлан Әлімовтың сәтті жобаларының бірі болды десек артық айтпаспыз. Бүгінге дейін Зируза 11 видеоклип пен 30-ға жуық трек ұсынған-ды. 4 жылда фанаттар армиясын қалыптастырып, Loyals-тың арқасында Q-pop ханшайымы атағын да иеленген еді. Алайда, шығармашылығы шарықтап тұрған тұста, келісімшартты бұзу қос тараптың ортақ шешімі екен. Зируза продюсерсіз өнерде оңай емес екенін түсінсе де, енді еркіндікте әншілігін дамытпақ ниетте. Барлық жаңалықтардан хабардар болу мүмкін емес! Бекер әуре болып, уақытыңызды құртпаңыз! #РЕВЮ тілшілері сіздер үшін актуалды тақырыптарды дайындап қойды! Дүйсенбі-бейсенбі күндері 16:00-де #НТК арнасында! Revue news бағдарламасының толық нұсқасын https://www.ntk.kz/ru/revu/
көріңіздер!