G
enby!

Қазақстанның геоглифтері. Үштоғай төрттағанының құпиясы | Дархан дала

«Өз жерімізді шын мәнінде қаншалықты танимыз?» деген бір ғана сұраққа жауап табу үшін – Қазақстан бойынша 30 000 шақырымды қамтитын саяхат. «Дархан Дала» жобасының кезекті шығарылымында біз Торғай даласына – Орталық Азиядағы ең жұмбақ геоглифтердің бірі саналатын Үштоғай төрттағанына аттанамыз. Спутниктік картада белгісіз бір шебердің қолымен сызылған мінсіз геометриялық пішінге ұқсайтын бұл таңғажайып нысанды – тек биіктен ғана көруге болады. Сізді біздің түнгі зерттеулер, даладағы қарапайым тіршілік, бірнеше минут ішінде жаныңа жақын болып кететін адамдармен кездесулер күтеді. Навигатор жаңылысқанда не болады? Ал бағытты түйсікке сеніп құрғанда ше? Неліктен сапар барысында өмірдің шынайы дәмін ерекше сезінеміз? Қауіпсіздік белдігін тағып, Қазақстанның кең даласына аттануға дайындалыңыз! #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24 #24KZ #ДарханДала #Қазақстан #ҮштоғайТөрттағаны #Торғай #Хабар30 #Саяхат #Геоглифтер

Смотрите также