G
enby!

Сәтпаевтан соң жаңа кен орны неге ашылмады? Ерлан Ақпаровпен сұхбат

Сәтбаевтан соң жаңа кен орны неге ашылмады? Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақпаровпен эксклюзивті сұхбат! 1. Мұнай, газ, уран, алтын – Қазақстанның қазба байлықтар қорының қазіргі жағдайы қандай? 2. Қай аймақтарда барлау жұмыстарына тыйым салынды және неге? 3. Қаныш Сәтбаевтан кейін геология саласы неге тұралап қалды? 4. Геология комитетінің мүмкіндігі саланы дамытуға жеткілікті ме? 5. Шетелдік инвесторлардың үлесі қанша? 6. Қазақстандықтарға қазба байлықтарды барлау және өндіруге қаншалықты мүмкіндік беріліп отыр? 7. Ерлан Ақпаров қазақ елінің мүддесін қорғауға адал жұмыс істей ала ма? 8. «Екінші мұнай» аталып жүрген литий Қазақстанға қандай мүмкіндік береді және ол қашан іске қосылады? Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын сұхбаттан көре аласыздар! 00:00 – Анонс 00:45 – Амандасу. Ерекше қорғалатын аймақтарда барлау жұмыстарын жүргізуге тыйым салу жұмыстарының статусы қандай? 05:29 – Стратегиялық қазба байлықтардың тізімі қандай? 06:10 – Барлауға тыйым салынған жерлерде қанша кәсіпорын жұмысын бастап қойды? Қанша жұмыс орны тоқтауы мүмкін? 07:49 – Менделеев таблицасының әр элементі Қазақстан жерінен табылады деп айтуға негіз бар ма? 08:49 – Екінші дәрежедегі маңызды қазба байлықтар. Сирек кездесетін металл (литий) табылған жер қойнауы туралы… 12:23 – Инвестиция тартылған жағдайда, литий өндірісі қанша уақытта іске қосылады? 18:10 – Шетелдік олигархтар мен инвесторларға мүмкіндік жасалды. Қазір қазақстандықтардың барлау мен өндіруге қатысуына қаншалықты жағдай жасалған? 20:00 – Экономикалық потенциалы жоғары жобалар бойынша ақпараттың ашықтығы қандай? Көп жағдайда ақпарат үкімет айналасындағы адамдар арасында қалатын сияқты… 22:32 – Стратегиялық өндіріс орындарын неге жеке қолға береміз? Неге мемлекет өзі айналыспайды? 24:24 – Мемлекеттің үлесі бар компанияларды атап өтіңізші? 25:28 – Мемлекеттің үлесі жоқ компаниялар қанша? 27:15 – Экономиканың іргесін ұстап тұрған кәсіпорындар Сәтбаев заманында ашылды. Одан кейін неге ашылған жоқ? Жұмыстың тұралауына не себеп? 31:52 – Геологтардың орташа жалақысы қанша? 37:30 – Геология саласын автоматтандыру туралы 39:16 – Қаныш Сәтпаев жолын қазаққа адал жалғастыра аламын деп айта аласыз ба? 42:00 – Геология саласын лайықты дамыту үшін комитеттің ауқымы тар емес пе? 44:15 – Қазаққа, табиғатқа адал болып, барлау жұмыстарына лицензия бергенде қазақтың мүддесін қорғаймын деп сенімді түрде айта аласыз ба? Біздің арнаға жазылыңыз, пікір қалдырыңыз және видеоны достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

Смотрите также