"Дайындық Агро" серіктестігінде егіннің 40 пайызы орылды
Аққайың ауданындағы "Дайындық Агро" серіктестігі биыл 15 мың гектар жерге егін сепкен. Қазір шаруашылықта орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Алқаптарында 70 техника жүр. 120 адам аянбай тер төгуде. Еңбеккерлер бидайдан басқа дақылдардың бәрін орып алыпты. Шығымдылық 25 центнерден асып жығылады.
Смотрите также

