G
enby!

Сенатта «ЖИ туралы» заң қаралып жатыр

Сандық жүйеге көшіп, жасанды интеллектіні ілгерілету үшін кең көлемде энергия қажет. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі парламенттік комиссия отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп, бірқатар ведомствоның энергетикалық қуатын арттыру маңызына тоқталды. Жиында Мемлекет басшысының елімізді цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі міндеттерін іске асыру барысы талқыланды. Бүгінде цифрландыру – орнықты даму мақсатындағы негізгі индекаторлардың 70 пайызына дейін қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тұста Сенат төрағасы, жаңа технологияларды азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталуы қажеттігін еске салды. Сондай-ақ ол «жасанды интеллект туралы» заң мен Цифрлық кодекстің жобалары қаралып жатқанын да тілге тиек етті. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также