G
enby!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді» Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы аясында жоғарғы палатаның жұмысын тоқтатуды ұсынып отыр. Енді бұл мәселе жан-жақты талқыланып, маңызды сауал жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Сондай-ақ, президент елімізді алдағы үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыруды тапсырды. Мемлекет басшысы тағы қандай мәселелерге тоқталды? Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы айтып беруге әзір. Нұрболат, парламенттік реформа нақты қай уақытқа жоспарланып отыр? НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осымен 8-ші рет Қазақстан халқына Жолдауын жариялап отыр. Демек, бүгін бүкіл ел назары маңызды мәлімдемелерге толы құжатта болды - десек қателеспейміз. Ал, ең басты өзгеріс парламенттік жүйеге қатысты. Себебі, мемлекет басшысы кезінде өзі он жылдай басқарған Сенатты таратып, бір палаталы Парламент құру идеясын ортаға салды. Бірақ, бірден айтайық, бүгін-ертең өзгеріп кетер ештеңе де жоқ. Өйткені, бастама жан-жақты талқыланып, сұрақ жалпыхалықтық референдумға шығарылады. Тек, соның қорытындысы бойынша ғана шешім қабылданбақ. Яғни, ел болашағы үшін маңызды мәселе тікелей халықтың пікірі негізінде шешіледі. Ал оған дейін жоғарғы палата алаңсыз жұмысын жалғастыра береді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Сондай-ақ, президент бір палаталы Парламент тек партиялық тізім бойынша сайланғаны жөн деп санайды. Ал, депутаттар мәселенің бұған дейін де айтылып жүргенін алға тартты. ЕРЛАН САИРОВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты: Унитарлы мемлекет болғандықтан, Қазақстанның парламенттік жүйесінде бір палата болуы, ол – қисынды болып табылады. – Күттіңіз бе өзіңіз? – Шынын айту керек, бұл бұрыннан бері айтылып жүрген әңгіме ғой. Сондықтан, менің ойымша, уақытылы жасалып отырған шешім деп ойлаймын. БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты: Мәжіліс заңдарды қабылдайды, оны Сенатқа жібереді. Бұл жерде бір палаталы Парламент тиімді, жылдамырақ заңдарды қабылдау мәселесін тиімді шешеді. Екіншіден, бұл – бюджет ақшасын үнемдеу. ШӘКӘРІМ БҰҚТҰҒҰТОВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты: Бүкіл мемлекеттер алға бара жатыр, біз де қалмаймыз деп. Сол үшін өте дұрыс шешім. Бірақ, енді референдум болады. Көреміз әрі қарай. Нұрболат, елімізді алдағы жылдары тағы қандай өзгерістер күтіп тұр? НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші: Президент Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландыру мәселелеріне кеңінен тоқталды. Енді сан саланың жұмысын оңтайландырып, жүйелі проблемаларды шешуге жасанды зейін пайдаланылмақ. Ол үшін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Сонымен қатар, «Alatau City» толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс – деді президент. Яғни, жаңа қалаға алдағы он күн ішінде арнайы құқықтық мәртебе беріледі. Ал, Alatau City-де тауарлар мен қызмет ақысын тіпті криптовалютамен төлеуге де мүмкіндік жасалғалы отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также