Ми мен жұлынның өткізгіш жолдары.Шакенов Бауыржан Шакенұлы
Сабақтың мазмұны. Өткізгіш жолдар дегеніміз – жұлын мен мидың ақ затында орналасқан, будалар жүйесі. Олар орталық нерв жүйесі сұр затының - қызметі ортақ бөлімдерін байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдар арқылы организмнің тұтастығы және оның сыртқы ортамен байланысы қамтамасыз етіледі. Жұлын мен мида үш: ассоциативтік, комиссуралық және проекциялық өткізгіш жолдар ажыратылады. Проекциялық нерв талшықтары жоғарылаған (афферентті) және төмендеген (эфферентті) өткізгіш жолдардан тұрады. Бұл бейнесабақта төрт проекциялық өткізгіш жолдар талқыланды: 1.Ауырсыну және температура сезімталдығының өткізгіш жолы; 2.Жанасу және қысым сезімталдығының (тактилдік сезімталдықтың) өткізгіш жолы; 3.Саналы проприоцепторлық сезімталдықтың өткізгіш жолы; 4.Төмендеген - пирамидалық өткізгіш жол. Жалпы нерв жүйесінің қызметін түсіну үшін өткізгіш жолдарды білудің маңызы өте зор.