Тісің ауырса — бала көтеру қиын | Динамен дұрыс | Денсаулық
Біз көбінесе ағзамызды бөліп қараймыз: тіс — бір бөлек, жатыр — бір бөлек, жүріс — өз алдына. Бірақ адам — біртұтас жүйе. Егер жағың қисық болса, аяғыңды дұрыс баспайсың. Егер тісіңде ірің болса — бала көтеру қиынға соғады. Сұхбат барысында біз тек емдеу емес, әйелге деген көзқарасты, бедеуліктің шын себептерін және денені жөндеу емес, түсіну керектігін ашамыз. Бұл шығарылымда: – бедеулік пен ауыз қуысындағы байланыс – әйелдің денесін емес, көзқарасын емдеу – “скидка бар ма?” деген сұрақ дәрігерді неге ашуландырады? Стоматолог Ерболат Бөрікханмен ерекше сұхбат. Ал менің түсінгенім - саулық ауыздан басталады. Динамен бірге өмірге қабілетті әйел болыңыз!