G
enby!

Дендросаябақ Шымкент

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ. Ол 1979 жылы белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен құрылған. Оған дейін қаланың бүкіл қоқысы мен қалдығы осы аумаққа әкеліп төгілетін. Бастамашы топ оларды тазалап, сырып, орнына жас шыбық қадап, көктеп-көгеруіне, жайқалып өсуіне бар күш-жігерін жұмсайды. Қазір сол қала тұрғындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысшыларының демалыс аймағын құру туралы шешім қабылдан жерде бұқаның мүсіні тұр. Не үшін бұқа деген мәселеге келсек, бұл жануар қайсарлық пен мақсаттылықтың белгісін білдіреді. 2019 жылы саябақтың 40 жылдығына орай Асанбай Асқаровтың есімі берілген. Дендросаябақтың жалпы жер көлемі 130 гектарға жуық. Оның ішінде орталық учаскесі 117 га аумақты құраса, Қошқар ата учаскесі – 12,33 га. Бұл аймақ су қорғау аймағы жерлеріне жатады. Дендросаябақтың аумағы Қазақстан және Орта Азия зонасы, Еуропа, Қырым, Кавказ, Қиыр шығыс, Сібір, Шығыс Азия және Солтүстік Америка және көшеттерді өсіруге арналған көшеттік және көл деп 5 флористикалық аймаққа бөлінген

Смотрите также