ДЕПУТАТ 1200 ТҰРҒЫННЫҢ ҮЙІН ЗАҢСЫЗ СҮРУДЕН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ
Ақ жол партиясы 1200-ден астам тұрғыны бар Алматы облысы, Іле ауданы Қараой және Нұрғиса Тілендиев ауылдарының үйін аман алып қалды. Мәселенің түйініне келетін болсақ, жергілікті әкімдік көптеген жылдар бойы жер телімдерін бөліп келген. Ол жерлерге үйлер тұрғызылып, мектеп және әлеуметтік нысандар да салынған. Кейін, 10 жылдан астам уақыт өте келе, аудандық прокурор бұл жерлерде «сібір жарасы» бар мал қорымы барын айтып, ешбір өтемақысыз сүріп тастағысы келеді. Тұрғындардың сөзінше, сібір жарасын анықтауға еш себеп болмаған. Осыған орай, былтыр қазан айында аұжолдық депутат Ержан Бейсенбаев ҚР Бас прокурорына, Ауыл шаруашылығы министрі мен Алматы облысының әкіміне жазып, деректерге мұқият талдау жүргізіп, далалық зерттеулер жүргізуді сұраған болатын. Сараптамалардың нәтижесі мен ауыл тұрғындарының қазіргі жайы Берік Сәлімжанұлының жаңа сұхбатында. #депутат #ақжол #подкаст