G
enby!

ОЙМАҚТАЙ ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚОЙНАУЫНДА

Оймақтай Қызылқұмның қойнауында, Жан-жақтан ағылды жұрт тойлы ауылға. Отта қазан түспеді, еті дайын, Кемістік жоқ қонақтарды жайлауында. Амандасар құшағына қысып тұрып, Бойыңдағы бар қайғыңды ұмыттырып, Қонақтарға қызмет етті дүйім ауыл, Ұйықтамай, тікеден тік күліп тұрып. Жұдырықтай жұмылған ел берекелі, Әр күні – қуаныш, той мерекелі. Атағын жайған жалпақ жұртқа Азаматтарының белгілі ер екені. Ағыл-тегіл дастархан, дәмді астан, Асан, Ержан шашуға әнді шашқан. Қызылқұмда айтып жүрер кейінгілер, Жырық тойы – таусылмас мәңгі дастан. Айтпасқа болмайды, таңданбай құр, Айызы доп тепкеннің қанғандай бір. Өткерген футбол жарыс құрметіңе, Әлемге шықсын елден аймаңдай ұл. Ақындар жыр оқыды, төгілді кеп, Махаббаттан елге деген өрілді деп. Қыдыр ата жайлылық сезінген жер – Жырықта сүру керек өмірді тек. Жырық құдықта жайлы өмір жайбарақат, Ықыласынан қырандай жайдым қанат. Бата алып ауылымнан арқаланып, Күн көтеріп оралдым, ай арқалап. Шауқартегі Нұрлан Бәйімбетұлы

Смотрите также