G
enby!

ХАЛЫҚ ШЫДАМАДЫ БҰЛ МАСҚАРАҒА❗️

ҚАРАБЕТ БОЛҒАННЫҢ НЕСІ ЖАҚСЫ? Негізі осы сайлау туралы посттарымның дерлік барлығын: «Сайлауды адал өткізбегендерді түгел - қарабеттер дейміз. Қарабеттер - дауыс ұрлағандар және дауыс ұрлауға мұрындық болғандар, ықпал жасағандар, бейжайлық танытқандар! Сол жеті ата-бабасы лағынет болып, жеті ұрпағын қарғыс атқыр қарабеттердің кесірінен сайлаушының шынайы таңдағаны емес, қайдағы бір алаяқ, ұры, баукеспе һәм жемқор сайлауда жеңімпаз боп шығады да халықтың болашағы ұрланады» деп бастаймын. Сонымен... Сонымен сайлауға бір күн қалғанда, яғни, 12 шілде күні бізге Шардара ауданы, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Қанат Шадановты аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 10.07.2025 жылғы №41 санды шешімімен «сайлау заңнамасын қайталап бұзды» деп, сайлаудан шығарып тастағаны жайлы ақпарат түскен. Ертесіне 13 шілде күні таңертең біздің Құрал Сейітханұлы видеокамерамен Ақшеңгелдіге жетіп барды. Сөйтіп, сайлау комиссиясындағы орын алған құйтырқылықтың салдары жайлы біренеше видеопост жариялады. Сосын сағат 20.30-да жариялаған «Халық ұнатпаған әкімді кезінде Түркістан Облысының әкімі болған Дарһан Сатыбалды да ұнатпаған екен...». Сайлау заңы бойынша егер сайлауға екі күн қалғанда үміткер қандай-да бір себеппен сайлаудан шығарылса, қайтып оның сол сайлауға түсуі мүмкін емес. Тіпті, сот та қауқарсыз. Біз бұл мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясымен де хабарластық. Сөйтіп, «сайлау комиссиясындағы орын алған құйтырқылық» дегенге тоқталдық. Ал енді мына төмендегі видеодан «Amanat» партиясынан түскен жаңа әкім Сержан Бейсембаевты халық сайлады дегенге сенуге бола ма?

Смотрите также