G
enby!

Қазақстандықтар жұмысқа бір сағатқа кешігіп бара алады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Қазақстандықтар жұмысқа бір сағатқа кешігіп бара алады. Мұндай жеңілдік қызметкерлерге баласын балабақшаға немесе мектепке апарып үлгермеген жағдайда беріледі. Еңбек кодексіне сәйкес кішкентай бүлдіршіндері бар ата-аналар икемді жұмыс кестесіне өтуге құқылы. Бірақ ол үшін жұмыс берушінің рұқсатын алған жөн. Кішкентай баласы бар азаматтар икемді жұмыс режиміне өте алады. Яғни, бала-шағасын балабақшаға немесе мектепке апару үшін ата-аналардың біріне жұмысқа бір сағат кешігіп баруға мүмкіндік беріледі. Ондай жағдайда арнайы жұмыс кестесін белгілеп, басшылықтан рұқсат алу керек. Алайда 8 сағат жұмыс күні сақталуы қажет екенін естен шығармаған жөн. Яғни, жұмысқа таңғы онда келсе, сәйкесінше, бір сағатқа кеш қайтады. Бұл Еңбек кодексінде бар ереже дейді еңбек министрлігінің өкілдері. ЕРБОЛАТ АБУЛХАТИН, ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары: Баласын мектепке немесе балабақшаға апаратын әкелер мен аналар қолайлы жұмыс режиміне көше алады. Олар жұмыс кестесін өздері белгілейді. Яғни, онға қарай жұмысқа келулеріне болады. Сәйкесінше жұмыстан кейінірек кетеді. Бұл арнайы заң тетіктерінде қарастырылған. Мамандар бұл ереже қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, отбасы институтына қолдау көрсету үшін қажет дейді. Тек бұл жұмыс процесіне еш әсер етпеуі қажет екенін ескертеді. Сондықтан бұндай қадам жұмыс берушінің келісімімен ғана жасалады дейді. Десе де, көпшілік Еңбек кодексінде бұндай жеңілдік қарастырылғанын білмейтін болып шықты. Тіпті, бұған қатысты халық пікірі қақ жарылды. Сондай-ақ жүкті әйелдер немесе үш жасқа дейінгі баласы бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың біріне де жұмыста қосымша жеңілдік беріледі. Ондай азаматтар жұмыс берушіден толық емес жұмыс күніне еңбек шартыy өзгертуін сұрай алады. Еңбегіне сәйкес жалақысы да белгіленеді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также