«Замана заңғары» деректі фильмі | Нұртас Оңдасынов
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904—1989 жж.) — қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы. Нұртас Оңдасыновтың естелігінен: «Мен үш нәрседен тазамын. Біріншіден, сонша жыл ел басқарып отырып біреуге нақақтан-нақақ жала жауып, қиянатқа барған емеспін, біреуден бір сом да пара алған емеспін – қолым таза! Екіншіден, 1937-38 жылдардағы қаралы күндерде боздақтарды атып жатқанда, бір қағазға қол қойған емеспін – арым таза! Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген емеспін – жүзім таза!». Деректі фильмде Нұртас Оңдасыновтың қызмет жолы, 1938–1951 жылдар аралығына түскен қиын кезеңде 13 жыл бойы үкімет басқарғаны таспаланған. #НұртасОңдасынов #деректіфильм #Заманазаңғары #қазақстантарихы #қазақтар #ұлытұлға #қайраткер #тілші #ғалым #ұлттықтіл #қазақтілі #нуртасондасынов #хабар #хабардеректіфильм #танымалконтент #нуртасондасынов