G
enby!

КУРС САТҚЫШ СЫҒАНДАРҒА ЗАҢ КЕРЕК! БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ БЫЛЫҚ | ЕЛ НЕ ДЕМЕЙДІ

Бүгінгі шығарылымда: Бұл аптада жұртты елең еткізген ақпараттарға толы болды. Қой десе де қоймай жатқан инфоцығандарға кім тыйым салады? Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласына қатысты іс қозғалды. Олар курс сатып, оқырмандарын алдап кеткен. Одан бөлек Жанабыловтар отбасының ұйымдастырған ойыны да ел аузында. Олардың ісі сотқа жолданғаны рас па? Бір блогер оқырмандарын ақшаға алдап жүрсе, енді бірі не көрсетерін білмей өзін көрге көміп жүр. Алматыда блогердің көрде түсірген видеосы сынға қалды. Білім ордасынан былық шықты. Атырауда еркек мұғалім өзінің бастығы болған мектеп директоры төсек қатынасына тартты деген айып тақты. Оқиға ел арасында қызу талқыланды. Еркек ер кісіні жыныстық қатынасқа тартқаны распа? Әлде бұл қызметке талас па? Оқу жылы басталды. Биыл бірінші сыныпқа барғандардың көбі соншалық мектепке сыймай жатыр. Астана қаласындағы мектеп тапшылығы қалай шешіледі? Бірінші сыныпта 19 класс оқыту деген сұмдық. Санын толтырып сынып ашқанда, оның білімі қандай болады? Ел не демейді шығарылымында талқылаймыз. Тіркеліп, қолдай кетіңіздер.

Смотрите также