G
enby!

Қалта тігу/ Қалтаны өңдеу / Жарма қалта / Калта тигу

Бұйымды құрастырып тікпес бұрын ең бірінші қалталарын өңдеп аламыз. Бұл видеода шапанның алдынғы бөлігіне жапырақшалы жарма қалтаны тігуді көрсетілген. 1. Шапанның алдыңғы бөлігінің теріс жағынан қалтаның орнына дублерин желімдеп аламыз. 2. Қалталардың жапырақшаларын дублериндеп ұзындық бойымен бүгіп үтіктейміз. Жапырақшалардың ені 6 см ұзындығы 18 см. 3. Қалтаның астарын (қапшығын) бір жағын негізгі матадан екінші жағын астар матадан пішеміз. Негізгі матадан пішілген астардың ауыз жағына дублерин желімдеп аламыз. 4. Бұйымның алдыңғы бөлігі оң жақ бетіне қалтаның орнын белгілеп, қалтаның тігу тігістері сызықтарын сызамыз. Ені 2 см, ұзындығы 15,5 см етіп екі паралель сызық және қақ ортасынан тілік сызығын. Жалғасы видеода … Ерлер шапанының үлгісісін (выкройкасын) mypatterns.kz сайтынан алдым. Выкройка пдф А4 форматында. инстаграм: @my_patterns.kz ватсап: 87074060745

Смотрите также