Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылы - Жетімін жылатпаған ауыл.
Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылының тумасы кәсіпкер, меценат Нұрлан Қалтаев ағамыз осыдан 3-4 жыл бұрын тамаша эоба бастаған. Ауыл мектебінің жабылу алдында тұрғанын көріп, ауылға жетім балаларды көшіріп, оларға үй салып беру идеясын көп ойланбай жүзеге асырып кеп жіберген. Бүгінде бұл ауылда төртінші отбасы жетім балаларды бауырына басып отыр. Нұрлан ағамыз өз тарапынан бала асырап алам деген адамдарға тамаша үй салып беруде. Ауыл халқы ағамызға дән риза. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те ауыл жанашырының еңбегін ескеріп, Қоянды ауылына жедел жәрдем көлігін сиға тартқан. Сондай-ақ, баяғы грейдер қалпында қап қойған 24 шақырым жолды асфальттап беруге уәде берген екен. Қоянды ауылы жетімін жылатпайды.
Смотрите также
