Ақ үйдегі жиынның нәтижесі қандай?
Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтату, елге қауіпсіздік кепілдігінің берілуін АҚШ-қа мұхит асып барған еуропалық саясаткерлер де қолдады. Аляскадағы саммиттен кейін Вашингтонда кездесу бес сағатқа жалғасты. Трамп пен Зеленский кездесуі аяқталды. Кейіннен ол еуропалық саясаткерлермен көп жақты жиынға ұласып, Шығыс Еуропадағы соғысты тоқтатудың жолдары мен Украинаға берілер қауіпсіздік кепілдігі сөз болды. Ақ үй нақты бір келісімге қол қоюдың болмайтынын о бастан ескертіп, бітімге келудің тек келесі деңгейіне өтуді мақсат ететінін хабарлаған еді. Солай болды да. 5 сағатқа жуық жиналыстың қорытындысы бойынша Путин мен Зеленский жүздесіп, кейіннен қасына Трампты алып, үш жақты форматта жиын өткізетін болды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24