Абай облысының аумағы бекіді
Шығыс Қазақстан облысы бүгіннен бастап Семей өңірінсіз дамиды. Осылайша бұрын бір жерден басқарылған екі аймақ енді өз еншілерін алып, шекарасын шегендеп көрші облыстарға айналды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тіпті, түтін санын түгендеп те үлгерді. Абай облысында 638 мыңнан астам адам тұрса, Шығыс Қазақстанда 717 мыңнан асады. Аумақ жағынан Абай облысы ауқымды.185 мың шаршы шақырым. Еншісі туралы айтсақ Абай облысының территориясында әлеуеті әуелеген, бір жазда миллионнан астам турист демалатын Алакөл, өндірістік қарқыны мықты Ақтоғай, Бақыршық, Жезкент кен орындары кіреді. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz
Смотрите также
