Қызмет құны 12 миллион теңге! Елімізде суррогат аналар тапшы болып жатыр
Елімізде суррогат аналар тапшы болып жатыр. Репродуктолог дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Айтуларынша, соңғы кездері құрсағын жалға беретін әйелдерге деген сұраныс артып, интернет желісінде де мұндай қызмет көрсететіндерді іздегендер көбейген. Қалтасы көтерген ерлі-зайыптылар тіпті суррогат анаға 12 миллион теңгеден астам ақша беруге дайын екен. Алайда, бұл істі бизнеске айналдырған әйелдер бұл соммаға да келіспейтін көрінеді. Ал, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, қазір Қазақстанда ресми есепте сәби сүюді армандап жүргендер саны 20 мыңнан асады. Елімізде «суррогат ана» болуға ешқандай тыйым жоқ, өйткені бұл қызмет заңмен реттелген. Мамандардың айтуынша, қазір оларды табу өте қиындап кеткен. Өйткені жатырын «жалға беретін» құрсақ аналарға қойылатын талаптар жоғары. Тапқанның өзінде, көп әйелдің денсаулығында кінәрәт бар дейді. Сол себепті отбасы бірнеше мәрте жарнама беріп, суррогат ананы әрең дегенде табады екен. ЖАНАР ТАЙБАҒАРОВА, Алматы қалалық репродуктивтік медицина институтының репродуктолог-дәрігері: – Тек денсаулығы жақсы, 34 жасқа дейінгі әйелдер ғана суррогат ана бола алады. Заң бойынша ол баланы дүниеге әкелгенде 35 жасқа толмауы керек. Сонымен қатар, осыған дейін бір дені сау баланы табиғи жолмен әкелуі міндетті. Ешқашан түсік жасамаған болуы тиіс. Бүгінде осындай талаптарға сай келетін сау ананы табу өте қиын. Дәрігерлер қазір өкінішке қарай, елімізді бедеулік белең алып тұр дейді. 20 мыңнан астам жанұя сәби сүюді армандап жүр. Олардың қатарында енді отбасы құрған ерлі-зайыптылар да бар дейді ақ халаттылар. Мәселен, былтыр 26 жастағы шымкенттік келіншектің жатыры жоқ екені анықталған. Амалсыздан, суррогат ананың қызметіне жүгініп, дүниеге қыз бала келіпті. Ал, қазір тапшылықтың салдарынан құрсақ аналардың қызмет құны аспандап тұр. Тіпті бизнеске айналып кеткен. Бағаны бірінен соң бірі көтеріп жатқан жарнамалардан көз сүрінеді. «Құрсақ ана» іздегендер әсіресе Алматы қаласында көп. Сәби сүюге зар болғандар суррогат аналарға 2 миллионнан – 12 миллион теңгеге дейін беруге дайын. ЖАНАР ТАЙБАҒАРОВА, Алматы қалалық репродуктивтік медицина институтының репродуктолог-дәрігері: – Суррогат ананың ақысына біздің қатысымыз жоқ. Ол отбасы екеуінің арасында нотариус арқылы жасалатын келісімшарт. Онда, әрбірінің міндеттері бар. Мысалы суррогат ана ішімдік ішпеу, темекі шекпеу деген сияқты талаптар қойылады. Әрине, бұл суррогат ана қызметінің тегін болғанын қалар едік. Бірақ онымен суррогат аналар келіспейді. Өйткені оларды қаржы мәселесі толғандырады. Енді жақын адамдары «құрсақ ана» болса, онда тегін, еш ақша алмайтын жағдайлар кездеседі. Алматыдағы орталыққа суррогат ана іздеп келгендер саны жыл сайын артып келеді екен. Биыл 100 отбасы балалы болуды армандап жүр. Онымен қоса, алыс-жақын шетелдерден ағылатындар көп. Яғни, Еуропа, Ресей Өзбекістан, Тәжікстан және Америка жан салмай отыр дейді. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал