G
enby!

КТК: Қазақстан жаңалықтары 07.11.2025

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar) ЖАУАПСЫЗДЫҚ ЖАЗАСЫ Көмілмей кеткен арық үшін абақтыға жабылды. Шымкентте 6 жасар баланың өлімімен аяқталған атышулы іске нүкте қойылды. САУДАГЕРЛЕРДЕ СҰРАҚ КӨП Дер кезінде өшірілмеген өрт, шаш етектен шығынға батырған! Петропавлда базар алдындағы сауда орындары отқа оранды. ТАРАҚАНҒА ТОЛЫ Санитарлық талап жайына қалған! Алматыда асханасында тарақан қаптап, дауға қалған балабақшада тексеріс басталды. ЖОСПАРСЫЗ АЯЛДАМА Үйлеріне асыққан ағайынға көмек! Ақмола облысында қара суықта қара жолдың бойында қалған Тәжікстанның 53 азаматы құтқарылды. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Смотрите также