Бастық боламын Бастык Боламын 2-маусым 3 СЕРИЯ
Көрерменнің көңілінен шыққан «Бастық боламын» сериалының жалғасы. Өздеріңіз білетіндей, алматылық жігіт Арманның бала кезден арманы – БАСТЫҚ БОЛУ. Ол мемлекеттік қызметшілердің элиталық корпусына қабылданып, «престижный» жерде қызмет етуді қалайды. Бірақ еңбек жолын шалғайдағы ауылдан бастайды. «Бастық боламын» сериалының 2-маусымында ауыл әкімі жаңа қырынан танылады. Жаңа әкім ауылға, ауыл тұрғындары әкімге бауыр басып қалғандай. Десе де, ауылдағы түйткілді мәселелер таусылған ба. Сериалда ауылдың қарапайым тұрғындарының түрлі хикаяларға толы өмірі мен ауыл тынысы сан қилы оқиғалармен өрнектелген.