Эр-Риядта ғаламдық киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр
Әлемде кибершабуылдар экономиканың нақты секторларына нұқсан келтіріп жатыр, деп хабарлайды 24kz. Әсіресе, тасымал саласы көп зиян шегуде. Оған қоса, зауыттар мен фабрикаларға жиі қауіп төнетін болды. Бұл жайында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық форумда айтылды. 60-қа жуық мемлекет өкілі қатысқан жиында жаңа жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп төтеп беру жолдары талқыланып, бірқатар маңызды ұсыныс жасалды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24