G
enby!

Қазақстан әлемді таңғалдырды. Қамба астыққа толды | Түйін

Биыл елде астық жинау жағынан ел тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд тіркелді. Ала жаздай тер төгіп, еккен егін 27 млн тонна өнім берді. Дегенмен бөркімізді аспанға атып, қуануға әлі ерте. Қамбаға құйылған астықтың ебін тауып, пайдаға жарата аламыз ба? Оның сапасы қандай? Соңғы шаруаны тиянақты орындамасақ, қоймадағы астық шіріп, не мал азығына айналуы мүмкін. Бүгін осы тақырып төңірегіндегі мәселелер «Түйін» бағдарламасында талқыланады. 00:00 – Басталуы 00:13 – Биыл егін жинау нақанында рекорд тіркелді. Бірақ... 00:53 – 27 млн тонна астықты қайда жаратамыз? 02:02 – Қазақстанның астығы қай елдерге экспортталып жатыр? 02:46 – Аста-төк астық ысырап болмай ма? Сапасы сын көтере ме? 05:35 – Студия қонағын таныстыру 06:08 – Ақмола орақ маусымында рекорд орнатты. Мұның сыры неде? 09:32 – 7 млн тонна астық жинаған Ақмола қанша шығынға батты? 13:52 – Астықтың көп болуы бағаға қалай әсер етеді? 15:27 – Жиналған өнім қалай сақталып отыр? Тасымалдау жүйесін жетілдіру бойынша не істеліп жатыр? 17:45 – Фермерлерді оқыту, сақтандыру бағдарламалары бар ма? 19:49 – Биылғы рекордтың халыққа қандай пайдасы бар? 21:40 – Бұрынғы полицей – қазіргі әкім: Әкім болған оңай ма әлде қиын ба? 27:14 – Түйін

Смотрите также