G
enby!

7%-бен 30 млн-ның үйін алуға болады

Баспана алғысы келген жандарға жағымды жаңалық. Енді 7 пайызбен 30 миллиондық үйлерді алуға рұқсат. Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасына өзгерістер енгізді. Нақты айтқанда тұрғын үйдің ең жоғары құнын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Мәселен, 30 миллионға Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларынан баспаналы болуға мүмкіндік бар. Бұған дейін бұл шектеу 25 млн теңге болған. Қарағанды қаласында лимит 25 млн-ға көтерілсе, ал өзге өңірлерде шекті баға 20 млн деп бекітілген. Сондай-ақ, енді қарыз алушылар төлем қабілеттілігін дәлелдеу үшін қосымша кепіл тартуға мүмкіндік алады. Ұлттық банк бұл шаралар тұрғын үйге қолжетімділікті кеңейтіп, несиелердің икемділігін арттыруға бағытталғанын мәлімдеді. Ал, бағдарлама талаптары өзгеріссіз қалды. Бастапқы 20 пайыздық жарнамен 25 жылға дейін ипотека рәсімдеуге болады. Жылдық сыйақы 7 пайыз мөлшерінде сақталған Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -   / atameken.business   Instagram -   / inbusinesskz   Facebook -   / atamekentv.kz   Facebook -   / inbusiness.kz   Tik-Tok -   / atamekenbusiness   «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #бастыжаңалықтар #НовостиКазахстана #Inbusinesskz #новостиказахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости

Смотрите также