50-жылдық мектеп бітіру кеші /// Ернұр мейрамханасы
Құрметті сыныптастар, қадірлі ұстаздар! Бүгін біз үшін ерекше, сағынышқа толы күн — мектеп бітіргенімізге 50 жыл толып отыр. Бұл – өмірдің бір белесі ғана емес, жарты ғасырлық достықтың, сыйластықтың, сағыныштың алтын мерекесі. Елу жыл бұрын біз болашаққа үмітпен қараған бозбала мен бойжеткен едік. Ал бүгін – өмір көрген, ұрпақ өсірген, қоғамға өз үлесін қосқан, тәжірибелі азаматтармыз. Осы жарты ғасырда әркім өз жолын тапты, өз өмірбаянын жазды. Бірақ бәріміздің жүрегімізде — мектеп, жастық шақ, бірге өткізген сол қызықты сәттер мәңгілікке сақталып қалды. Осы кездесуге себепкер болған барлық ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ұстаздарымызға — берген білім мен тәрбиелері үшін тағзым етеміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, амандық-саулық, таусылмас шаттық тілеймін! Келесі кездесулерге аман-есен жете берейік! Жүзімізден күлкі, жүрегімізден мейірім кетпесін! Жарқын естеліктеріміз мәңгі жасасын!