📌 Желаев ауылы тұрғындары арыз жазып, көшесін асфальттатты
Желаев тұрғындары арыз жазып, көшесін асфальттады Ауыл әкімі Арман Бисимбалиев айыппұл төледі «Орал жолдары» АҚ-ын сотқа бермеген 08.08.2025 ж. маған Орал қ. Желаев ауылының тұрғындары А. Кенжибеков пен А. Куанова жолығып, маған әкімнің және мердігердің заңсыз іс-әрекеті туралы арыз жазды. Яғни, жері қазылып, асты дайындалып, енді асфальт төселуі тиіс жолға (Бірлік көшесі, 39/1,2) жөндеу жүргізілмей, орнына басқа көше жасалған. goszakup.gov.kz порталына сай, 23.05.2025 ж. Желаев а/о әкімі Арман Бисимбалиев пен «Орал жолдары» АҚ-ның басшысы Айдар Курманов шарт жасаған. Мәні - ауылдың көшелерін ағымдағы жөндеу. Құны - 73 223 000 теңге. https://www.goszakup.gov.kz/ru/egzcon...
Мерзімі - 02.07.2025 ж. дейін. Алайда, жол салу жұмысы уақытында бітпеген. Сондай-ақ, тұрғындардың осы шағымын Орал қ. әкімі, прокуратурасы не қалалық мәслихат депутаты Константин Свешников те зерттемеген, дауға араласпаған, іс-әрекетсіздік танытқан. 28.08.2025 ж. маған аудит тексеріс нәтижесін берді: заң бұзу анықталды; мердігер жұмысты 14 күнге кешіктірген; сол үшін бюджетке 1 025 122 теңге тұрақсыздық айыбын төледі; әкім Арман Бисимбалиев фирманы сотқа бермеген; сотқа бермегені үшін ол ӘҚБтК-тің 207-бабымен кінәлі деп танылып, 58 980 теңге айыппұл төледі. сотқа берсе, фирма «қара тізімге» еніп, 2 жыл тендерге қатыспайтын еді. PS Мем сатып алу - ең әуелі ХАЛЫҚ үшін ЫҢҒАЙЛЫ ОРТА - тұрғындар жайлылығы үшін Е-өтінішпен арыз жазу - құқықты қорғауға тиімді Әкімнің әр іс-әрекетіне әділ баға беру - аса қажет Батыл, ақылды болу әрі сын-сұрақты қоя білу - заман талабы. #бауыржанзаки #батыс #қоғамдықбақылау #қоғам #Орал #жаңалықтар #жаңалықтарқызметі #жаңақазақстан #мониторинг #тендер #асфальт #асфальтирование #жол #Желаев #бқо #дорога #коррупция