КОМИК АКТЕРЛАР аяқ асты Криминал ӨМІРДЕ агент болып кетеді | Под прикрытием 2025 фильм | Кино шолу
Бүгін біз 2025 жылы шыққан "Под прикрытием" деген керемет боевик киноға шолу жасаймыз.Бұл фильмнің рейтингі жоғары.Сол себепті бәрін түсіну үшін аяғына дейін көріңіздер.Ондай болса кеттік... Кино басында Шош деген бандит қыз полиция қызметкерлерінен қаша бастайды.Бір кезде Шоштың қасында басқа да бандиттар көлігімен қосылады. Дэвис деген қызметкер қуып жүр.Кенет бандиттар Дэвистің әріптесін атып түсіреді.Осылайша олар бандиттардан айырылып қалады.Артынан бізге Хью деген қарапайым жұмыскерді көрсетеді.Қарап қалса,әріптестері әзіл айтып қарқылдап күліп тұр екен.Хью өзінше қасына отырады.Сонда бір әріптесі айта бастайды.Бастығым мені шақырып еді,мен оған кет әрі деп айттым деп күледі.Осы кезде бұлардың бастығы келіп,Хьюге бұйрық береді. Сонда Хью әріптесіне еріп,бастығына кет әрі деп қалады.Ой қызық ай! Артынан бастығы оны кабинетіне шақырып,бұл не болды дейді.Хью кешірім сұрайды.Мен рөлге кіріп кеттім дейді.Бастығы болса,сен өзің вай фай қосушысың,осымен айналыс та,басқаға араласпа дейді.Кейін біз Марлон деген жігітті көреміз.Ол өзі жалпы актер болғысы келеді екен.Қанша рет осылай рөлге өтпекші болады.Бірақ оны алмай қояды.Марлон жалпы кішкентай жарнамаларға түсіп жүреді екен.Бір кезде Марлонға досы қоңырау шалады.Сенің жолың болды.Жаңа бір клуб ашылыпты.Ішінде таланты бар актерларды таңдайды.Барып көрсеңші дейді.Хью болса жолда кетіп бара жатып,дәл осы афишаны көріп қалады.Клубтың ішінде жастар өздерінше белгілі кейіпкерлерді ойнап,өнерлерін тамашалауда.Кэт деген қыз бұл жерде бақылаушы екен.Өрмекші адам киносына қатысқандың ішінде осы қыз біраз фильмдерге қатысып жүр.Жарады актриса! Бұл клубтың ішіне Хью кіреді.Сонда Кэт,сіз де қатысуға келдіңіз бе,кіріңіз дейді.Сізге әзірше жұбыңыз жоқ дейді.Бір кезде осы жерге келген Марлонды көрсетіп,мына кісімен бірге жұпта ойнайсыз дейді.Осылай аяқ асты Хью сахнаға шығып ойдан сценарий құрастырып рөл ойнап кетеді.Бәрі біткесін,Кэттің қасына жақсы деген актрисалары келеді.Екі қыз Кэттен кеңес сұрайды.Кэт болса барынша білетінін айтып,бағыт бағдар береді.Одан кейін Кэт өзінің құрбыларымен кездеседі.Бірақ та бәрі тұрмысқа шыққан,олардың әңгімелері мүлдем басқаша.Сонымен қатар,олар Кэттің айналысып жүргенін еріккендік деп санайды.Марлонға досы қоңырау шалып,сен актер болғың келеді екен.Бірақ сенен актер шықпас.Енді бірге жұмыс істей алмаймыз дейді.Хью жұмысында отыр еді,әріптесі қасына жақындап,сен боссың ба,менің бөлмемде вай фай сымын жинастырып берші дейді.Кэт тағы да сахнада сөз сөйлеп,өзінің оқушыларын тексере бастайды.Осы кезде клубта Биллинг деген кісі қарап отырады.Көрініс біткеннен кейін,Биллинг Кэтпен жеке кездеседі.Қысқасы мен интерполданмын.Маған сіздер сияқты комик актерлар керек.Жасырын агенттік жұмыс.Күніне 200 доллар төлеймін дейді.Сізбен бірге екі адам болу керек.Бірден шешім қабылдамаңыз,ойланып көріңіз дейді.Кэт ақшасына қызығып,өзінің жақсы оқушыларына ұсыныс жасамақшы болады.Алайда ол екі қыз қуанып,бізді рөлге шақырды.Бәрі сіздің арқаңыз.Сізге рахмет дейді.Кэт болса оқасы жоқ деп ойланып қалады.Амал жоқ.Екі адам керек болғасын,ол бұл ұсынысты ең соңғы қалған Марлон мен Хьюге айтады.Күніне 200 доллардан аласыңдар.Бізге жасырын агент болу керек.Басқа адамның рөлін ойнаймыз дейді.Осылай үшеуі Биллингпен кездеседі.Сонда Биллинг оларға не істеу керектігін айтады. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов