Пончик жасаудағы ҚҰПИЯЛАР/ “ҚОНЖЫҚ” пончикті қалай жасаймыз? / Donuts / Пончики
Қазіргі ТРЕНД болып жатқан Пончиктар. Бірнеше ҚҰПИЯларымен видеода бөлістім. Қазір балаларыма жиі жасап беріп жүрмін. Негізі Пончиктардың жасалуының бірнеше жолдары бар. Видеода оңай жасалатын жолын көрсеттім. Тағы ескеретін жайт! Пончикті көтерілуге жібергенде асықпаңыз. Бөлме салқын болса, 25 минутта көтерілмеуі мүмкін. Күтеміз! Ванилин қосуды ұмытпаңыз. Керемет дәм береді😋 !! Бетін жапқанда пакетке ұн жағып қойыңыз. Пончиктар жабысып қалмас үшін !! Қонжық пончикті жарты сағат бетін жапсаңыз, әрі қарай ашық күйде қалдырыңыз. Құрамы: Жылы Сүт 190 гр Ашытқы 7 гр Қант 40 гр Тұз 0,5 ш.қ Ванилин 1 гр Қамырды жақсартқыш 2 гр Жұмыртқа 1 дана Ұн 390 гр (+-) Сары май 40 гр Шоколад немесе глазурьға көз мөлшерімен сұйық май қосамыз. Ыдысқа салып водяной баняда араластырып тұрып ерітеміз. Пончиктерді батырып аласыз. Рет-ретімен барлығын салып, жұмсақ қамыр илейміз. Ыдысты кішкене майлап, көтерілуге бетін жауып, жылы жерге 50 минутқа жібереміз Қамырды 1 см қалыңдықта жаямыз. Формамен кесіп аламыз. Жылы жерге 25 минутқа пергамент үстіне қойып, бетін клеёнкамен жабамыз. Қамыр көтерілген соң, майға қуырасыз. Шоколадқа батырамыз. Пончиктер дайын! Ас болсын! Ингридиенты: Молоко 190 гр Дрожжи 7 гр Сахар 40 гр Соль 0,5 кв. Ванилин 1 гр Улучшитель теста 2 гр Яйцо 1 шт Мука 390 гр (+ -) Сливочное масло 40 гр По порядку выкладываем все ингридиенты и замешиваем мягкое тесто. Замесить 10 минут, пока тесто не станет гладко. Слегка смазываем миску, накрываем поверхность для подъема и отправляем тесто в теплое место на 50 минут Раскатываем тесто толщиной 1 см. Вырезаем тесто . Ставим на пергамент в теплое место на 25 минут и накроем поверхность клеенкой. После того, как тесто поднялось, жарим на масле. Обмакиваем в шоколад. Пончики готовы! Приятного аппетита! 190 g warm milk 7 g yeast 40 g sugar 0.5 sq. Salt 1 g vanilla 2 g Dough improver 1 pc egg 390 g (+ -) Flour 40 g butter Place all ingredients in order and knead soft dough. Knead for 10 minutes until dough is smooth. Lightly grease the bowl, cover the surface for rising and put the dough in a warm place for 50 minutes. Roll out the dough to a thickness of 1 cm. Cut out the dough. Put on parchment in a warm place for 25 minutes and cover the surface with oilcloth. After the dough has risen, fry in oil. Dip in chocolate. The donuts are ready! Enjoy!
Смотрите также
