ОЙЫНШЫҚТАН ОТ ШЫҚТЫ
Балаларымызды буллиңгтен ғана емес, қауіпті дертке апаратын ойын будкаларынан да қорғай алмай жүрміз. Елімізде лудоман көп деп елеңдейміз. Бәс тігуден бас алмайтындар қайдан шықты десек, оларды өзіміз тәрбиелеп жатыр екенбіз ғой?! Қоғамның бас ауруына айналған мәселенің түп төркіні тап сіз тұратын көшеде болуы мүмкін. Сырты сүйкімді көрінген ойын автоматтары ұл - қызды азартқа баулып, болашақта бәс тігуден бас алмайтын адам етіп шығарады екен. Мұны мамандар айтып, дабыл қақты. Сонда тиын тігіп, ішіндегі қонжықты қағып алуға асығып жүрген балалар қазірдің өзінде "ставкаға" тәуелді ме? Бұл аппараттарды кім қадағалайды өзі? Балалардың болашағына қатер төндірген қауіпті ермектен кәсіпкерлер қалтасына күніне миллиондар түсіп жатыр ма? Наш сайт - https://1tv.kz/
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@1tvkz1?_t=8bD...
instagram - / 1tvkz Facebook - / posts Telegram - https://t.me/eurasia1tvkz
Qoslike - / qoslike Көреміз - / @koremiz_show #новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана