Ғажайып Қазақстан. Серік Боданбаев (24.11.2018)
ҒАЖАЙЫП ҚАЗАҚСТАН - СЕРІК БОДАНБАЕВ Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында, Жаңаталап ауылында Серік Боданбаев есімді зағип кәсіпкер тұрады. Қытаймен шекаралас тау етегіндегі қыстауда мал ұстайды. Көп жыл Өскеменде жұмыс істеген. 45 жасында көзден толық қалған соң 8 ешкі алып, ауылға кеткен. Тәуекелге бел байлап, тау етегінде қойды құлағына қоңырау байлап тағыпты. Соның дыбысымен, ауа қысымы, жел бағытымен адаспай жүріп мал санын мыңнан асырған. Серік Боданбаев - малшылықтан бөлек ел тарихын, халық шежіресін терең білетін, кең ойлайтын керемет әңгімеші, ғажап әнші де.